Бурабайда жас патриоттар форумы өтіп жатыр

Сайтымызды кез келген тақырыпта ақылы мақалалар мен жарнамалар қабылданады. Бағасы келісімді. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқыту сауықтыру орталығында «Патриотизм — Рухани жаңғырудың берік іргетасы» 2-ші республикалық жас патриоттар форумы өтуде.

Форумға қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелері, делегация жетекшілері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, ерлікпен танылған оқушылар, патриоттық тәрбие бойынша «Мен — өз елімнің азаматымын!» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары қатысуда.

Орталық директоры Мұхитдин Төлепбайдың айтуынша, форумға қатысушылардың алғашқы легі Бурабайға келіп жатыр. Қатысушылар топтарға бөлініп жайғастырылуда. Оларға түрлі мәдени, спорттық шаралар қарастырылған. Жалпы, форумға 187 бала мен 34 ересек қатысады деп жоспарланған.

Орыс тілінен қазақшаға, қазақшадан орысшаға сауатты аударма жасаймыз. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Добавить комментарий