Өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуеті артатыны қуантады-спортшы

Сайтымызды кез келген тақырыпта ақылы мақалалар мен жарнамалар қабылданады. Бағасы келісімді. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауына пікір.

Президентіміздің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің кез келген тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім өзі үшін басты бағыт табады. Ағымдағы жылдағы Жолдаудың басты мақсаттары – пандемия кезінде ғана емес, жалпы әрдайым азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз ету, әлеуметтік әл-ауқатын жасау, отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту, қолжетімді әрі сапалы білім беру, азаматтардың мүддесін қорғау, олардың мемлекетті басқару ісіне қатысуына мүмкіндік беру.

Осы аталған басты мәселелердің ішінен мен, әрине, спортшы болғандықтан, спорт аясында айтылғандарға тоқталып өткім келеді.

Елбасымыз өсіп келе жатқан ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне күрделі назар аудару қажет екенін айтты. Қаржы тапшылығы жағдайларында кәсіпқой спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қамтамасыз етудің еш мәнісі жоқтығын, миллиардтаған қаражаттың тиімсіз жұмсалуда екенін атап өткенімен толықтай келісемін.

Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және, әлбетте, балаларға басым назар аударды. Әрбір облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу керек деп үкіметке тапсырма берді.

Мемлекет басшысы «Балалар үйірмесінің қызметін жаңарту керек, онда жас жеткіншектер шығармашылық пен қолөнердің қыр-сырын үйренер еді. Қазіргі заманда балалардың қуаты мен қызығушылығын дұрыс жолға салмаса, өте қауіпті. Себебі, балалар мемлекетіміздің болашағы» — деп басты құндылығымызды есімізге салды.

Бұл бізге, спортқа деген қатысы бар барша мамандарға спортшылар мен жаттықтырушыларға қатысты. Сондықтан Қ.К. Тоқаевтың сөйлеген сөзінің бір бөлігі спорт саласына бағытталғанына қуаныштымын.
Президентіміздің жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады және осы Жолдауды басшылыққа ала отырып, спорт сахнасында зор табыстарға қол жеткізетініне сенемін. Елбасымыз белгілеген басты мәселелер еркін және гүлденген Қазақстанды құрудағы жаңа кезең болатынына ешқандай күмән жоқ.

Дамир ЗАРЛЫХАНОВ,

грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері,

жастар арасындағы Азия Чемпионатының қола жүлдегері,Қазақстан Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері.

Орыс тілінен қазақшаға, қазақшадан орысшаға сауатты аударма жасаймыз. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Добавить комментарий