Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Сайтымызды кез келген тақырыпта ақылы мақалалар мен жарнамалар қабылданады. Бағасы келісімді. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының еңбек ұжымымен бейнеконференцбайланыс режимінде профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов мемлекеттік органдардың басшылары ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, коронавирустық пандемия денсаулық сақтау саласындағы барлық жүйелік кемшіліктерді анықтады. Пандемия жағдайында медициналық тауарларға қажеттіліктің күрт өсуіне, медициналық қызметкерлер жұмысының көптігіне және медициналық мекемелерде бос жататын орын болмауына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өсті. Бұл азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін төмендетеді. Осы орайда сыбайлас жемқорлықтың жаһандық қатерін сезіне отырып, медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын, сондай-ақ қоғаммен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тиіс. Келіп түсетін шетелдік гуманитарлық көмекті бөлуге және өңірде дәрі — дәрмектердің шекті бағаларын сақтауға ерекше назар аудару, сондай-ақ коронавирустың ықтимал екінші толқынын дайындау үшін қажетті шаралар қабылдау қажет», — деді спикер.

Өз кезегінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сулен Ілиясов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы баяндады.

Атап айтқанда, «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Басқармаға ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларының 17 кабинеті бірінші қабаттарда орналасқан. Азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бірінші қабаттарда «пациенттерді қолдау қызметтерінің» кабинеттері де орналасқан.

Цифрлық сауаттылықты және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде өңірдің 24 медициналық мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылды, онда азаматтар eGov.kz порталы арқылы қажетті анықтаманы өз бетінше ала алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган басшылығының айтуынша, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында басқарма «Адал көмек» құқықтық консультативтік көмек көрсету акциясына, тікелей эфирге қатысады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдарды жариялайды.

Орыс тілінен қазақшаға, қазақшадан орысшаға сауатты аударма жасаймыз. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Добавить комментарий