Басты > АҚПАРАТ > Көкшетауда праймериз өткізудің жай-жапсары талқыланды

Көкшетауда праймериз өткізудің жай-жапсары талқыланды

Сайтымызды кез келген тақырыпта ақылы мақалалар мен жарнамалар қабылданады. Бағасы келісімді. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны белгілі. Осыған орай партияішілік іріктеу(праймериз) туралы мəселелерді түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Ақмола филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағаметов партия активімен онлайн форматта семинар өткізді.
«Праймериз өткізу ережесіне сәйкес, партия тізімінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, ал жастар 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы отандық жастарды басты кадр резерві ретінде көреді, — деді ол.
Жалпы, облыста праймеризге қатысушы және партияластарына дауыс берушілер саны 276 бастауыш партия ұйымдарынан 40​ 108 адамды құрайды.
Праймеризге дайындық барысында Ақмола облысында дауыс беретін 248 орын анықталды. Праймеризді өткізу бойынша облыстық және аумақтық филиалдарда ұйымдастыру комитетінің және есеп комиссиясының құрамы анықталды.
200-ден астам алаңда үш деңгейде көпшілік дебат өткізіледі.
Активте партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары праймериз үміткерлерід қатыстыру тәртібін түсіндірді.
«Праймериз қатысушыларын үгіт-насихат жұмыстарына көңіл бөлулері тиіс. Оның ішінде партия мүшелеріне партия бағдарламасының мазмұнымен түсіндіруде басымдық беру қажет»,- деп толықтырды ол.

Орыс тілінен қазақшаға, қазақшадан орысшаға сауатты аударма жасаймыз. Мына телефонға хабарласыңыз: 8-775-522-54-11

Добавить комментарий