Рухани жаңғыру: М.Жұмабаев пен С.Садуақасовты еске алу кеші өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облыстық соты Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп,

Қазақстанның мемлекет қайраткерлері мен жазушылар Мағжан Жұмабаев және Смағұл Садуақасовқа арналған «Алаш ардақтылары» тақырыбында еске алу кешін өткізді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Облыстық кітапхананың оқу залына 100-ден аса адам жиналды. Іс-шараға тарихшылар, өнер қайраткерлері,  судьялар, жоғары оқу орындарырының студенттері, сот жүйесінің ардагерлері мен облыс ақсақалдары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Еске алу кешінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Мағжан Жұмабаев және Смағұл Садуақасов сияқты қазақ халқының әйгілі тұлғаларының қызметі мен шығармашылығы қазақ халқының мұрасы болып табылады және өскелең ұрпаққа өнеге болып қалуы тиіс деді. «Қазақ халқының және еліміздің болашағы үшін күрескен Алаш зиялыларының өмірі мен олардың қызметін дәріптей отырып өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек» — деді облыстық соттың төрағасы.

Д.Әміров, «Еске алу кеші Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихын зерттеу, Мағжан Жұмабаев және Смағұл Садуақасовтың атқарған еңбегі негізіндегі қазақ әдебиетінің және мемлекеттің дамуындағы рөлі, тарихи және мәдени мұраны сақтау, өскелең ұрпақтың тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, намысшылдық пен патриотизм сезімін қалыптастыру  мақсатында ұйымдастырылды» — деп атап көрсетті.

Облыстық кітапхананың қызметкері, ақын Қуаныш Оспанов іс-шараға қатысушыларға «Рухани жаңғыру» залы бойынша экскурсия жүргізіп, «Алаш ардақтылары – Мағжан мен Смағұл» тақырыбындағы ақпараттық көрмені және «Алаш ардақтылары» бейнефильмінің көрсетілуін ұйымдастырды.

Еске алу кешінде «Арқа ажары» редакциясының директоры Жабал Ерғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы университеттің филология ғылымдарының кандидаттары Аманжол Есмағұлов және Сәбит Жәмбек, Ақмола облыстық сотының судьясы, Мұстафа Шоқайдың жерлесі – Нұрлан Өміртайұлы, Смағұл Садуақасовтың туысы – Қапар Айтуғанов, Мағжан Жұмабаевтың туысы – Шекер Өмірбекова сөз сөйледі. Сәрсенбай Хасенов Мағжан Жұмабаевтың әндерін орындады.

Облыстық соттың төрағасы Д.Әміров іс-шараны қорытындылай келе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде Жоғарғы Сотпен өткізілген «дөңгелек үстелдің» қарарын орындау мақсатында жастармен кездесулер өткізіліп тұратындығын атап өтті.

Яндекс.Метрика