Көкшетауда 15 жыл жөндеу көрмеген көше жаңартылады

Көкшетауда 15 жыл жөндеу көрмеген Вавилов көшесі жаңартылады. Бұл туралы аймақ басшысы МәлікМырзалиннің аталмыш көшені аралап, тұрғындарымен өткізген кездесуінде айтылды.

Кездесуде, аймақ басшысына Көкшетау қаласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің құрылыс жобалары таныстырылды. Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуына қарағанда, биылғы жазда «Көкшетау-Зеренді» күре жолынан бастап Жайлау ықшам ауданына дейінгі 1,8 шақырым көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Вавилов көшесі 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Тіпті, бұрындары асфальтта төселмеген екен. Екі жылға арналаған жобаны 2018 жылы бастап, 2019 жыл аяқтау жоспарланған. Мұнда үш жолақты 1853 шақырым тас төселетін болады. Сонымен қатар, бағдаршам, аялдамалар орнатылып, жол жиегінде суағарлар, көлік тұрақтары салынып, гүлзарлар отырғызылып, көше толығымен жарықтандырылады. Осы маңдағы үш көшенің қиылысқан жерінде бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолы да болады.

Жобаны талқылауға осы көшенің бойындағы жекеменшік үйлерде тұратын тұрғындар да қатысты. Белсенді топтың жетекшісі Сабыржан Дүйсенов көгалдандыру жұмыстарына тұрғындарда атсалысатынын атап өтті.

Яндекс.Метрика