Бұланды ауданының әкімі тағайындалды

Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалиннің 2018 жылғы 21 ақпандағы өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері мамандығы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» ӨК мал дәрігері болып  бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасында басшы лауазымдарды атқарды.

2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының бөлім басшысы лауазымына ауысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

2012 жылдың ақпанынан бастап, 2013 жылдың маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды. 2013 жылдың маусымнан Атбасар ауданының әкімі, 2014 жылдың маусымнан — Аршалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

Соңғы жылдары Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің төрағасы қызметтерінде болды.

Яндекс.Метрика